Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүргенін мәлімдеп, кезекті ойынына байкот жарияламақ

Атырау футбол клубының ойыншылары үш айдан бері жалақысыз жүр.Егер футболшылар жадақысы берілмеген  жағдайда 30-шы наурызда өтетін Ақтөбе» футбол клубына қарсы матчқа бойкот жариялайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Қазақстан футболында тағы да дау. «Атырау» футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлері үш айдан бері жалақысыз жүр. Олар облыс басшылығына бірнеше рет шағымданғанымен, жағдай өзгермеген. Команда мүшелері соңғы үміт ретінде Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке видеоүндеу жариялап, дабыл қақты. Егер мәселе шешілмесе, 30 наурызда «Ақтөбе» футбол клубына қарсы матчқа бойкот жариялайтынын мәлімдеді.

Бұл – Қазақстан футболындағы қаржылық дағдарыстың бір көрінісі ғана. Елдегі футбол клубтарының басым бөлігі мемлекеттік бюджетке тәуелді. Демек, жергілікті әкімдік қаржыландыруды тоқтатса, клубтардың болашағы бұлыңғыр.

«Атырау» футбол клубының қазіргі жағдайы – биліктің немқұрайдылығының нәтижесі. Жалақысыз қалған футболшылар мен қызметкерлер отбасы, несие, тұрмыс мәселелерімен бетпе-бет келді. Алайда облыстық спорт басқармасы нақты түсініктеме беруден жалтарып отыр.

Жергілікті билік қаржыландырудың тоқтатылу себебін ашық айтпады. Бұл – жанкүйерлер мен футболшыларды мазақ ету. Мемлекеттің қаржысына сүйенген клубтар биліктің қолжаулығына айналғандай. Қаржы болғанда уәде көп, ал қиындық туса – үнсіздік.

Бұл – бір ғана клубтың мәселесі емес. Бұған дейін «Ақжайық» футбол клубының қызметкерлері тоғыз ай жалақысыз жүрген болатын. Ойыншылар жалақысы төмендегеніне қарамастан, клуб үшін күресті. Қазақстандағы футболшылардың айлық табысы 40 мың еуроға дейін жетеді, бірақ бұл тек шетелдік легионерлерге ғана қатысты. Жергілікті ойыншылар үшін жағдай басқаша.

Қазақстан футболындағы басты мәселе – қаржылық тұрақсыздық. Әкімдіктер футболды саясатқа айналдырып, клубтарды жарнамалық құрал ретінде пайдаланады. Бюджет бөлінгенде – даңғаза, ал қаржы тоқтағанда – «ойын бітті».

Егер «Атырау» футболшылары бойкот жарияласа, бұл Қазақстан футболындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Клубтың тағдыры қағаз жүзінде шешіліп, футболшылар адам төзгісіз жағдайда қалды. Олар өз еңбегі үшін жалақысын талап етуде. Бұл – олардың заңды құқығы.

Футбол – жанкүйерлер үшін, футболшылар үшін. Бірақ Қазақстанда футбол әкімдіктер мен шенеуніктердің ойынына айналған. «Атырау» клубының жағдайы – осы жүйенің шірігенін көрсететін кезекті дәлел.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

admin_arysinfo

Түркістанда ҚР Пара пауэрлифтинг федерациясының филиалын ашу мәселесі қаралды

berdaly_oraz

Шымкент қаласында Наурыз мереке күндері бейнебақылау арқылы 1000-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталды

berdaly_oraz

Пікір жазу