Түркістан облысы Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің әкіміне үміткер
ӨМІРЗАҚОВ МӘДИ ӘРІПҰЛЫНЫҢ
ӨМІРДЕРЕГІ:
Өмірзақов Мәди Әріпұлы, 11.11.1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. Отбасылы.
Екі қыз, бір ұлы бар.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 10.1998-25.02.2010 ж.ж ӨК «Дос» төрағасы, Жиделі ауылы;
- 07.2001-10.11.2008 ж.ж ЖШС «Жиделі-мақта» меңгеруші, Жиделі ауылы:
- 02.2010-05.06.2021 ж.ж ӨК «Дос» кеңесшісі.
- 07.2021 жылдан бастап бүгінге дейін Арыс қаласы Жиделі ауылдық округ әкімі лауазымын атқарып келеді.
ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
- 2026 жылы Жиделі ауылдық округі Жиделі және Аққала елді мекендері бойынша 10 көшеге жарық шамдар орнату, аяқ жолдар салу және 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу;
- Жиделі елді мекеніндігі ашық спорт алаңшасын күрделі жөндеуден өткізу;
- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын дамыту;
- 2026 жылы Жиделі елді мекеніне жастардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорт кешенін, Аққала елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу;
- Жиделі ауылдық округіне қарасты 3-К-1, 3-К-2, 3-К-3 каналдарын күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне беру;
- Жиделі елді мекеніндегі ауыз судың сапасын арттыру. Жиделі ауылдық округі бойынша жарық бағаналарын және тоқ өткізгіш сымдарын жаңарту;
- 2027-2028 жЫлдары аз қамтамасыз етілген отбасыларға тиісті көмектер көрсетуді ұйымдастыру, 2029 жылға қарай ауылдық округтегі автомобиль жолдарының сапасы 83,2%-дан 95%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.
Кандидат қосымша қаржыландыру көздері арқылы:
- 2026-2027 жылы Жиделі елді мекенінің әл-ауқатының артуына;
- Елді мекендердің жарықтандырумен және ауылды көгалдандыру қамтамасыз етуге
- Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына, аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуге;
- Жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеуге;
- Отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттауға күш салады.
Түркістан облысы Арыс қаласы Жиделі ауылдық округінің әкіміне үміткер Өмірзақов Мәди Әріпұлының сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.
