Білім бөлімдері басшыларының есебі тыңдалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бірқатар аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының есебін тыңдады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мәжілісте мемлекеттегі білім беру саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылатын жұмыстар, өзекті мәселелер, жалпы жоспарлар талқыланды. Түркістан мен Арыс қалалары, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандары әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, колледжердің директорлары баяндама жасады. Оларға ескертулер мен тапсырмалар берілді.

– Бұған дейін 6 ауданның жауапты тұлғаларын қабылдап, жұмысты жүйеледік. Кезек өздеріңізге келіп жетті. Салада жетістіктер де, мәселелер де жеткілікті. Әр аймақтың ерекшелігіне сәйкес іс атқару қажет. Бағыт айқын, міндеттер нақты. Тиісті деңгейде орындамаған, мемлекеттің қаржысын талан-таражға салған бөлім басшыларына қатаң шаралар қолданылып келеді. Облыс әкімдігі, білім басқармасы мен құқық қорғау органдары бірлесіп, сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауды жалғастырамыз. Сіздерден жауапкершілік, жанашырлық, әділдік пен адалдықты талап етеміз. Оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалды. Тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге басымдық беріңіздер. Құқықбұзушылықтың алдын алу қажет. Бітіруші түлектердің ҰБТ-ға қатысуын үйлестіріңіздер.  Білім беру ұйымдарындағы ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңа ғимараттардың құрылысы сапалы жүргізілуі тиіс. Балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуы маңызды екенін еске саламын. Колледжердегі грантқа жастарды шақырыңыздар. Бұл мәселелердің барлығын облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауына алған. Ел мүддесі үшін жұмыс істейік, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Сондай-ақ жиында Біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы, «Әлеуметтік және бизнес әмиян» жобасының іске асуы, ыстық тамақпен қамту, цифрландыру, Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шара жоспары, олимпиадаларға қатысу, PISA және ББЖМ тапсыру, педагогтардың біліктілігін арттыру, кадрлық саясат, қаржы мәселелері мен «Таза Қазақстан» тазалық іс-шарасын өткізу жайы қаралды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

berdaly_oraz

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Жеңістің 80 жылдығына орай қос ардагерге көлік табыстады

berdaly_oraz

Пікір жазу