Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше, биыл шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Жұмысқа 443 бірлік бүріккіш техникасы мен 4 625 маман жұмылдырылды. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке зиянкестері дернәсілдерінің таралуы байқалады», — деді министр.

Осы ретте Үкімет басшысы Түркістан мен Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында ел чемпионаты басталды

Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

berdaly_oraz

Түркістан облысында жыл басынан бері 29 адам суға кеткен