Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Айта кетейік, Бразилияда World Boxing әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен түркістандық боксшылар 2 қола медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек, +90 келіде Даниял Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл спортшыларды Шыңғыс Демеуов пен Ербол Ахантаев баптады. Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.

Ұқсас жаңалықтар

Жарнама бейнеролигін түсірмек болып автокөлігінің әйнегін сындырғаны үшін айыппұл арқалады

Шардарада VII–VIII ғасырларға тиесілі балбал тас табылды

Шымкенттік оқушы әлемнің 50-ге жуық университетінен шақырту алды