Дендросаябақта алкогольдік ішімдік ішкен 15 жасар қыздың анасы жазаланды

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 440-бабының 3-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшлік іс қаралды, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 
 
2025 жылғы 5 мамырда А.-ның 2010 жыл туылған қызы Б. қоғамдық орында, яғни Шымкент қаласы, Дендро саябағында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген.
 
Сотта А., өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауды сұрады. Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
 
ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігінің санкциясында айыппұл немесе әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазалар көзделген. Сот, А.-ның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, асырауында екі баласының барын, жалғыз басты ана екенін ескеріп, ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігінің негізінде әкімшілік айыппұл сомасын айыппұлдың жалпы сомасынан отыз пайызға қысқартуға болады деп есептеді, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескерді.
Сот, А.-ны ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 27 524 теңге айыппұл жазасын белгіледі. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-Министрінің кеңесшісі Түркістан облысына іссапармен келді

Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті

berdaly_oraz

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Пікір жазу