eGov.kz порталы мен қосымшасы уақытша істен шығады

eGov.kz порталы мен қосымшасы уақытша істен шығады,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін eGov.kz порталы мен оған қатысты сервистердің уақытша жұмыс істемейтінін хабарлады. Бұл цифрлық экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіндігіне байланысты.

Қандай қызметтер уақытша шектеледі?
Аталған уақытта келесі сервистер қолжетімсіз болады:
eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы (соның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
Ұлттық куәландырушы орталығының қызметтері;
✅ Компания сүйемелдейтін басқа да цифрлық жобалар.

Техникалық жұмыстар пайдаланушылардың ең аз белсенділік танытатын уақытына сәйкестендірілген.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік инклюзивті білім беру конгресі: «Қолжетімділік. Теңдік. Өрлеу»

Redaktor Arysinfo

Асхат Оразбек вице-министр қызметінен кетті

berdaly_oraz

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz