Ерекше қажеттілігі бар балалар арасында ARM BACK жарысы өткізілді

Шымкент қаласындағы Наурыз алаңында ерекше қажеттілігі бар балалар арасында ARM BACK жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өз күшіне деген сенімділігін нығайту және олардың қоғамдағы белсенділігін қолдау болды. ARM BACK — бейімделген армрестлинг түріндегі жарыс, мұнда қатысушылар арнайы жағдайларда өзара күш сынасты.

2022 жылы Қазақстан Халық қорының қолдауымен еліміздің 11 қаласында “Жас жауынгер” бейімдеу спорт орталықтары ашылды. Бүгінде еліміздің әр түкпіріндегі ерекше балалар спортқа белсене араласып, үлкен жетістіктерге жетуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында бұл бағыттағы жұмыстар кең көлемде атқарылуда. Балалар тек спортта ғана емес, түрлі өнер сайыстарында да өз мүмкіндіктерін көрсетіп, дені сау балалармен тең дәрежеде бәсекеге түседі.

ARM BACK сайысы 2024 жылдан бастап қолға алынды. Бұл спорт түрі елімізде паралимпиадалық спорт түрлерінің қатарында жоқ. Ұйымдастырушылар “ARM BACK” спортын Паралимпиада ойындарына ресми түрде енгізіп, Қазақстанның атынан әлемге жаңа тарих жазуды мақсат етіп отыр.

“Бұл спорт түрі тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемдегі ерекше балаларға арналған. Мақсатымыз – осы балаларды біріктіріп, алдағы уақытта Олимпиада, Азия және Әлем чемпионаттарын өткізу. Былтыр екі дүркін ел чемпионы — Семей қаласы болды. Бүгін үшінші мәрте ел чемпионын анықтаймыз. Бүгінгі жарысқа жүзге жуық бала қатысып отыр. Олар — өз өңірлерінде, қалаларында іріктеуден өткен чемпиондар. Әр салмақта 15-20 бала бақ сынаған. Солардың ішінен тек бір жеңімпаз ғана ел біріншілігіне жолдама алады”, — деп атап өтті “Жас жауынгер” бейімдеу спорт орталығының негізін қалаушысы Садық Байымбетов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Спорт шеберіне үміткер” атағын алуға заңды түрде мүмкіндік алады. Сонымен қатар, арнайы дипломдар мен медальдар табысталады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ БІРЛІКТІ ДӘРІПТЕГЕН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

1 мамырдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

berdaly_oraz

Арыстағы әскери бөлімшеде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

Пікір жазу