Ерлікке тағзым: Түркістан облысында полиция гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді

Түркістан облысы полиция департаментінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Айта кетсек, Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жиналғандар жұлдызы ерте сөнген әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Полицей болу– күнде жұмысқа шығарда алдыңда не күтіп тұрғанын білмейтін қиын да қауіпті салалардың бірі. Соған қарамастан ел қорғаны болған азаматтар қашанда берген анттарына адал болып, мінсіз қызмет етуде.

Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді. Олардың ерлігі мен қаһармандығы еліміздің жас ұрпағына лайықты үлгі!

Ұқсас жаңалықтар

Ташкентте ТМД елдерінің алғашқы форумы өтті

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz

Пікір жазу