Ертең Түркістан төрінде президент Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды кездесу өткізеді

Ертең Түркістан төрінде президент Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды кездесу өткізеді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Сәуірдің 21-22 күндері Түркістан қаласы тағы бір мәрте халықаралық деңгейдегі маңызды кездесудің алаңына айналмақ. Бұл жолы қасиетті шаһарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми келіссөздер өткізеді.

Кездесу аясында қос тарап қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жаңа мүмкіндіктерін, сонымен қатар өңірлік саясаттағы өзекті мәселелерді талқыламақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл келіссөздер Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өзара сенімді одан әрі нығайтуға бағытталады.

Айта кетейік, Түркістан — тарихи әрі рухани астана ретінде мұндай деңгейдегі кездесулерге жиі таңдалып жүр. Бұл жолғы бейресми сапар да екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полат ісі: «Абзал Шынасыл мені итеріп құлатты» – марқұмның әжесі сотта жауап берді

berdaly_oraz

Сарыағашта ішкі талдау нәтижелері талқыланды

berdaly_oraz

Монтайтас тұрғыны көше тазалығына алаңдаулы: бөтелкелер мәселесі күн тәртібінде

berdaly_oraz

Пікір жазу