«Ішіп алған»Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыға қол көтерді

Павлодар қаласында мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысын ұрып, кейіннен сауықтыру орталығына орналастырылды. Әлеуметтік желіде тараған видеода күзетшінің бір емес, екі оқушыға күш қолданғаны байқалады.

Күзетші оқушылар арасында жүргенде, күтпеген жерден олардың бірін кеудесінен ұрған. Зардап шеккен бала кеуде қуысының контузиясы диагнозымен травматологтың қарауынан өтті, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл салынды.

Ол сауықтыру орталығына жіберілді.

Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Сонымен қатар, күзетшінің жұмыс орнында мас күйінде жүруіне жол бергені үшін мектеп әкімшілігін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданған.

Ұқсас жаңалықтар

Созақта жаңа мектеп пен спорттық кешен құрылысы аяқталуға жақын

berdaly_oraz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат берді

Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

Пікір жазу