Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Мемлекет басшысына Баку қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді.
Президентке 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Президент Қазақстанның экология, су ресурстары және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс әкімі Қайсар Маңқараев халықпен кездесіп,қаланы көркейтуге қатысты тапсырмалар берді

berdaly_oraz

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

Шымкенттік оқушы әлемнің 50-ге жуық университетінен шақырту алды