Қазақстанда такси жүргізушілері үшін жаңа салық режимі енгізіледі

Қазақстанда такси жүргізушілері үшін жаңа салық режимі енгізіледі,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстанда такси қызметін заңдастыру және жүргізушілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту мақсатында жаңа салық режимі енгізілмек. Бұл өзгерістер Салық кодексінің жаңа жобасында қарастырылып, такси жүргізушілеріне бірқатар жеңілдіктер ұсынуды көздейді.

Жаңа режимнің шарттары

  • ҚҚС (НДС) мен басқа салықтар алынбайды.
  • Жеке табыс салығы – 0%.
  • Тек 4% бірыңғай төлем төленеді, оған:
    • Зейнетақы жарналары
    • Әлеуметтік аударымдар
    • Медициналық сақтандыру кіреді.
  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес.

Такси жүргізушілеріне пайдасы

Салықтық жүктеме төмендейді – тек 4% мөлшерінде бірыңғай төлем төлеу қажет.
Әлеуметтік кепілдіктер артады – медициналық сақтандыру, зейнетақы жарналары және әлеуметтік төлемдер қарастырылады.
Заңды жұмыс істеу жеңілдейді – тіркеу процедуралары жеңілдетіліп, көлеңкелі экономикадан шығуға мүмкіндік беріледі.

Бұл өзгеріс такси жүргізушілерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып, қызмет көрсету саласының заңдастырылуына ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында орталық пен Сырдарияны жалғайтын жүргінші жол салына бастады

berdaly_oraz

Түркістандағы ең ірі жылыжай алғашқы өнімін нарыққа шығарды

berdaly_oraz

Арыстық шаруалар Марокко шегірткесінің жер бетіне шыға бастағанын айтып,дабыл қағуда

berdaly_oraz