Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Жамбыл облысының аумағында орналасқан.
Зілзала дүмпуі Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде сезілді. Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай, Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.
ТЖМ командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды. Вице-министр Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен кеңес өтіп, аумақтық бөлімшелермен байланыс орнатылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.