«Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалына 133 жаңа техника табысталды

Түркістан облысына іссапар барысында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Түркістан облысындағы филиалына 133 жаңа техниканың кілттерін  табыстады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, өңір шаруалары қатысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл техникалар министрліктің бастамасымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы алынған. Жаңартылған техника паркі өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға, әсіресе, суармалы кезеңде каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын тиімді жүргізуге ықпал етеді. Бұған дейін осындай жаңа 69 техника пайдалануға берілген болатын.

Техникалық жаңғырту «Қазсушар» жүйесінің қызмет сапасын арттырып, диқандар мен шаруалардың қажеттіліктерін уақытылы қанағаттандыруға жол ашады.

Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы өңірдегі суармалы жерлерді сапалы сумен қамтамасыз ететін су шаруашылығы жүйелерін, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар гидротехникалық нысандарды пайдаланумен айналысады. Бүгінде филиал құрамында 13 өндірістік бөлімше жұмыс істейді. Олар жергілікті деңгейде суармалы жерді, арналарды, құрылымдарды басқару мен пайдалануға жауапты. Филиал теңгерімінде 18 су қоймасы, 11 су бөгеті, жалпы ұзындығы 5497 шақырымды құрайтын 1858 канал, 1208 тік дренажды ұңғыма, ұзындығы 3086 шақырым болатын 408 қашыртқы, 76 басқа да су нысаны бар. Жыл басынан бері мекеме 330 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартты.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасыда шетелдік дәрігер шеберлік сағатын өткізді

berdaly_oraz

Ақтөбеде полицей танысын байқаусызда атып жіберді

Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды

berdaly_oraz

Пікір жазу