Кентау — экологиялық аймақ мәртебесіне ие болды

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар экологиялық аймақ қатарына енгізілді.

1 шілдеден бастап заң күшіне еніп, қаланың мәртебесі ресми түрде өзгертілді. Бұл – жылдар бойы көтеріліп келген өзекті мәселенің нақты шешімі, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Кентауға жасаған сапары барысында тұрғындармен кездесіп, осы жағымды жаңалықты ресми түрде хабарлады.

Кездесуге қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Енді Кентау қаласы экологиялық аймақ ретінде мемлекет тарапынан қосымша қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болады. Бұл – қаланың әрі қарай дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Тарихи шешім – қала тұрғындарының үміті мен табанды еңбегінің нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

berdaly_oraz

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

ҰБТ ережелері өзгерді

Альфия Адамбек