Арыс қаласында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топтың рейдтік іс-шаралары жалғасуда.
Рейд барысында тұрғындардың іргелес аумақтарына күл-қоқыс, құрылыс материалдары және өзге де қалдықтарды тастау фактілері анықталды. Тазалық талаптарын бұзған 9 азаматқа ескерту беріліп, құқықбұзушылық қайталанған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес еселенген мөлшерде айыппұл салынатыны түсіндірілді.
Жалпы, жыл басынан бері абаттандыру және тазалық талаптарын бұзған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 140, ал 505-бабы бойынша 241 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Осылайша, қала аумағында тазалық талаптарын бұзуға байланысты барлығы 381 әкімшілік хаттама рәсімделген.
Арнайы жұмысшы топтың рейдтік шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Барша тұрғындарды тазалық талаптарын сақтауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамауға, сондай-ақ туған қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
