Қызылордада «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Тағзым» алаңында еске алу митингісі өтті

Бүгін Қызылорда қаласында Чернобыль, Ауғанстан және Совет армиясы әскерлерінің жесірлер одағы – «Ару-Ана» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Тағзым» алаңында еске алу митингісі өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шараға Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ардагерлер және Ауған, Тәжік-Ауған, Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер мен қаза болған сарбаздардың жолдастары, балалары қатысты.


Митинг барысында Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан және  Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ардагерлер мен Ауған соғысында қаза тапқан сарбаздардың рухына арнайы Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.


Шара әрі қарай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты мәдени жиынмен жалғасты. Онда Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының  «Азаматтық қоғам институттары және жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Бихожаев Ернұр Бауыржанұлы сөз сөйлеп, еліміз үшін көкірегін оққа тосып, жанын қиған батырларымыздың ерліктері мен есімдері ешқашан ұмытылмайтынын айтып, жастардың дамуына өздерінің үлестерін қосып , патриоттық, өнер, білім және шығармашылық бағыттарында танымдық іс-шаралар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға белсене қатысып жүрген қоғамдық ұйым мүшелеріне Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлының Алғыс хатын табыстады.


Қатысушылар арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалап, әншілер мен бишілердің өнерін зор ықыласпен қабылдады. Шара соңында естелік суретке түсіп, әсерлі сәттерді бірге бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 20-ға жуық отбасын қолдау орталығы бар

Түркістан облысы инвестициялық жобалар бойынша республикада көш бастады

berdaly_oraz

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Пікір жазу