Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды

Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайтын болды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Сенатта спорт саласына өзгерістер енгізетін заң жобасы мақұлданды. Егер болашақта белгілі бір аймақтық клуб өз қатарына басқа елдерден спортшы шақырғысы келсе, оған тыйым салынбайды. Бірақ оған төленетін жалақысы мен келісімшартын бюджеттен тыс қаражаттан өтейді, яғни демеушілік көзден тартады.

Бұдан бөлек, қабылданған құжатта ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымының қызметін заңның жеке бабында регламенттеу көзделген.

Сондай-ақ республикалық және өңірлік спорт федерациялары ұлттық спорт федерациялары болып өзгертіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Жетісай диқандары қырыққабаттың алғашқы түсімін экспорттауда

Альфия Адамбек

Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды

Түркістандық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге кетті