Синоптик мамандар Шымкентте қашан күн жылынатынын айтты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.
28 наурыз бен 4 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын қарастырайық:
Жұма +8°…+2°. Кейде жаңбыр жауады;
Сенбі +13°…+3°. Жылы;
Жексенбі +16°…+5°. Өте шуақты;
Дүйсенбі +19°…+7°. Жылы күн;
Сейсенбі, 1 сәуір +22°…+7°. Жылы күн;
Сәрсенбі +24°…+12°. Өте шуақты;
Бейсенбі +23°…+13°. Күн шуақты.
Көріп отырғаныңыздай, 28 наурыздан бастап температура біртіндеп көтеріліп, бізді шуақты күндермен және жайлы ауа-райымен қуантады. 4 сәуірге дейін термометр бағанасы +24°C дейін көтеріледі.