Мамыр айынан бастап жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгереді

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін  денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Министрлік өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл шақырту құқығын шектемейтінін айтты.

Жаңа жұмыс тәртібі бойынша, емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына жіберіледі. 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Министрліктің мәліметінше, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы созылмалы аурулардың өршуіне байланысты жеделділіктің 4-санатына жатады екен. Сондықтан мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың дер кезінде жедел жәрдем қызметіне жүгінуіне кедергі келтіреді. Өзгерістер  күту уақытын да қысқартады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі «Көктем» базары жаңа сауда орталығына көшеді

berdaly_oraz

Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

berdaly_oraz

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz

Пікір жазу