Түнгі рейд: Жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Ақсукент пен Манкент ауылдық округтерінде түнгі уақытта арнайы рейд ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты — кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерсіз беймезгіл уақытта көшеде жүруін болдырмау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Рейд барысында учаскелік инспекторлар мен Жастар ресурстық орталығы мамандары бірлесе жұмыс істеді. Қоғамдық орындар, саябақтар мен көшелер мұқият тексеріліп, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі үшін бірлесе жауапкершілік алайық!

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылғы І жартыжылдық: Қазақстанда анықталған жалған ақша белгілері

Redaktor Arysinfo

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo