Маңғыстаулық делегация Түркістан облысының тәжірибесімен танысты

2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Маңғыстау облысынан арнайы жасақталған делегация, ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында, Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, тағылымдамадан өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл іс-сапардың негізгі мақсаты – Түркістан өңірінің өнеркәсіп және туризм салаларындағы озық тәжірибелерімен тереңірек танысып, сол бағыттар бойынша тиімді идеялар мен жұмыс тәсілдерін меңгеру.

Тағылымдама барысында делегация мүшелері Түркістан облысының түрлі ауылдық округтеріне барып, жергілікті әкімдермен және сала мамандарымен кездесіп, тәжірибе алмасты.

Сапар аясында Түркістан облысының Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтары, шағын өндірістік парк аумағы жұмыстарымен танысып, өңірдің ірі кәсіпорындары, өнеркәсіп саласының флагмандары «BNK group» ЖШС, «Aqniet Holding» ЖШС, «Borte milka» ЖШС, «JNray» ЖШС, «Borte engineering» ЖШС зауыттарында болып қайтты.

Өңірдің туристтік әлеуетімен таныстыру мақсатында, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы, «Сарыағаш» санаторий кешені, Көлкент және Балықты демалыс аймақтары жұмысымен таныстыру маршруты ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам істі болды

berdaly_oraz

Қазақстанда 600-ге жуық блогер табысын жасырғаны анықталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті

Пікір жазу