Мәжіліс инновациялық қызметті қолдауға бағытталған заң жобасын қарайтынын мәлімдеді

Мәжіліс инновациялық қызметті қолдауға бағытталған заң жобасын қарайтын болды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымдақарау ұсынылады.

Заң жобасында бірыңғай инновациялық кластер құру және оның қатысушыларына қолдауды кеңейту ұсынылады. Осыған байланысты «Инновациялық технологиялар паркі» кластерлік қоры мен «Astana Hub» халықаралық технопаркін біріктіріп, қатысушылар үшін бірыңғай құқықтық алаң қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыру кезінде конкурстық іріктеу және тиімділікті бағалау жүйесі енгізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 20-ға жуық отбасын қолдау орталығы бар

Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

berdaly_oraz

Қазақстанда еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздік күшейтіледі

Redaktor Arysinfo