Мәжілісте электр энергиясы нарығын реформалау қорытындылары талқыланды

Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің, уәкілетті мемлекеттік органдар мен энергиямен жабдықтаушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен тақырыптық отырыста депутаттар электр энергиясын бөлшек саудада өткізуді реформалау қорытындыларын талқылады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 2024 жылы жылу энергетикасы және электр энергетикасы туралы заң жобасын қарау барысында электр энергиясының бөлшек сауда нарығын оның қатысушылары қатарынан энергиямен жабдықтау ұйымдарын алып тастау және энергиямен жабдықтау функциясын өңірлік желілік компанияларға беру арқылы реформалауға бағытталған түзетулер енгізілді. Үкімет бөлшек сауда нарығын реформалаудың бірқалыпты ауысуы үшін энергиямен жабдықтау ұйымдарына кепілдік беретін функцияларды өңірлік желілік компанияларға беру шараларын қабылдады. Энергетика вице-министрі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістерді болдырмау және реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылғанын атап өтті.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев депутаттарды қол жеткізілген нәтижелер, нарықтың қазіргі жағдайы және бөлшек электр энергиясымен қамтамасыз етудің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында «Қарағанды Жарық» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйымының ұстанымын компания директоры Дидар Ахмадин айтты.

Талқылау барысында депутаттар қордаланған жүйелі мәселелерге, соның ішінде электр мамандарының жетіспеушілігіне, халық үшін энергия тұтыну тарифтерін төмендетуге, электр энергетикасындағы жалпы жағдайға, даму жоспарлары мен энергетика нарығын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды.

Жиын соңында Комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин қабылданған заң аясында бірыңғай сатып алушы және түпкілікті тұтыну деңгейінде тарифтерді саралаумен байланысты қалыптасқан бұрмалауларды және негізсіз субсидиялауды жою бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТІРЕК МЕКТЕП ЖОБАСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ С.АДАМБЕКОВ МЕКТЕБІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

Шымкентте 20 жылға жуық еңбек өтілі бар жұмыскер бұрынғы жұмысына қайта орналастырыды

Пікір жазу