Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін Kia Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды.

⚡️Президент: «Қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр»

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті.

Компания корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев KIA компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында адам капиталын дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келе жатқанына тоқталды.

Мемлекет басшысы: «Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады»

Президент жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеу туралы  тапсырма беріліп, осыған байланысты бірқатар маңызды шешім қабылданғанын айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

– Біз Сіздің қазақ-корей ынтымақтастығының дамуына, қос халықтың арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Шын мәнінде, еліміздің автокөлік саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз мол, – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев

admin_arysinfo

Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды

Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды

berdaly_oraz