Монтайтас тұрғыны көше тазалығына алаңдаулы: бөтелкелер мәселесі күн тәртібінде

Сурет: pixabay.com

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ,Монтайтас ауылында бір тұрғын көшелердегі тазалықтың сақталмауына байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, белгісіз біреулер үйінің алдына ішімдіктің бос бөтелкелерін тастап кетуді әдетке айналдырған.

«Таңертең балаларымды балабақшаға шығарып салғанда, жол бойында шашылған арақ пен сыра бөтелкелерін көремін. Кейде бөтелкелерді қара пакетке салып тастап кетеді. Тіпті қорамның ішіне де лақтырып кеткен кездері болды. Сол бөтелкелерді жинап, қоқысқа өзім апарып тастауға мәжбүрмін. Ал сынған шишалардан балалардың жарақат алып қалуынан қорқамын,» – дейді тұрғын.

Оның айтуынша, бұл көріністер көше тазалығына жауапты қызметкерлердің де көзіне түскен, бірақ мәселе әлі шешілмей келеді.

«Не істерімді білмеймін. Әкімдікке ме, әлде учаскелік полицияға ма шағымдансам ба?» – деп қынжылады ол.

Жеке тұрғынның жанайқайы ауылдағы тазалық мәдениетінің әлі де әлсіз екенін көрсетеді. Туған жерге деген құрмет — әр адамның санасынан басталады. Әрбір бөтелке, әрбір қоқыс — тек көшенің көркін бұзып қана қоймай, балалардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, қоғамдық орындарды ластау айыппұл салумен жазаланады. Бірақ мәселенің түпкі мәні заңнан бұрын, ұят пен жауапкершілік сезімінде жатыр.

«Монтайтас — біздің ортақ мекеніміз. Үйімізді қалай таза ұстасақ, ауылымызды да сондай мұқият күтуге тиіспіз. Тазалықты сақтау — ар-намыстың ісі. Әр бөтелке — өзіміздің тәрбие деңгейіміздің көрсеткіші.

Бәріміз бірге жұмыла әрекет етсек, Монтайтасымыз ең таза, ең көрікті ауылдардың біріне айналады!
Өзімізден бастайық, өзгеге үлгі болайық!»-деді ол сөз соңында…

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жаңа мектеп бой көтеруде: Тельман шағынауданындағы білім ордасы оқу жылына дейін пайдалануға беріледі

berdaly_oraz

Шымкентте сот 445 миллион теңге көлеміндегі медиациялық келісімді бекітті

Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды

Пікір жазу