“Мұстафа, Мұса, Хадия”: Шымкентте үшем дүниеге келді

24 жастағы қала тұрғыны екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелді. Сәбилерге Мұстафа, Мұса, Хадия деп ат қойылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келген. Жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды.

Нәрестелер толық ем алып, салмақ қосқан. Қазір анасы мен үшемнің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жыл басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем бар.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

berdaly_oraz