Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Делегация сапар барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында қытайлық ірі компаниялармен екіжақты кездесулер өткізеді, сондай-ақ бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылады. Бұл келісімдер өңір экономикасын дамытуға, инвестициялық әріптестікті нығайтуға, заманауи өндіріс ошақтарын ашу арқылы өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

Облыс әкімі бастаған делегация жұмыс сапарының алғашқы күні Қытай елінің астанасы Бейжіңде бірқатар инвесторлармен кездесті. Олардың басым бөлігімен Түркістан облысында бірлескен жобалалар басталып кеткен. Іскерлік кездесу барысында тараптар энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады.

Осы елдің ірі сауда және инвестициялық, логистикалық компаниясының басшылығымен кездескен облыс әкімі бастаған делегация осы салада бірлесе жұмыс істеуге қатысты бірқатар жобаларды талқылады. Мекеме басшыларымен бірлескен кәсіпорындар ашып, әртүрлі салаларда бастамаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу барысы талқыланды. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында қал­дықсыз өндіріске қатысты жоба барысы талқыланды. Мал терісі, сүйегі, мүйізі, ішек-қарын сияқ­ты терең өңдеуге түскен қал­дықсыз өндіріс нәтижесінде кәдеге жаратар өнім шығаруға бағытталған бизнес жобаны жүзеге асыру жолдары қаралды. Жоба Түркістан облысының кәсіпкерлері тарапынан қолдау тапты.

Облыс әкімі сондай-ақ тәулігіне 100 тонна қоқыс қалдықтарын өңдейтін ҚХР-ң жетекші компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. 200-ден астам  толық циклды зауыт салған компания қалдықтарды энергияларға айналдыратын технологиямен эко-индустриалды парктерді дамытуға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі кешендердің бірі. Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы екені анық. Нұралхан Көшеров келіссөздер барысында қоқысты кәдеге жаратудың жаңа жолдары жасақталған кәсіпорынды бірлескен жоба бастауға шақырды.

Сондай-ақ Түркістан облысында қызылшие (черешня) өсіру және жемісті қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру бойынша компания басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Инвесторалармен Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы зор әлеуетті ескере отырып, Түркістан облысында шие өсіру және өңдеу бойынша заманауи агропарк құруға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру барысы талқыланды. Компания шие өсіру, жеміс өңдеу мен өндірістік тізбекті басқарудың заманауи технологияларымен жабдықталған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 231-ГЕ ЖЕТТІ

Қызғалдақ жұлған шымкенттік келіншек ұсталды

Шымкентте автокөлік ұрлаған ұры қолға түсті

Пікір жазу