Облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы байқалды

Түркістан облысында биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қысқа мерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 2-орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүруде.  Үш айдың қорытындысымен тиісті межеге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 353,6 млрд. теңгені құрап, 12,4%-ға артты.

Аймақтың экономикасын көтеру мәселесі және әкімдер мен басқарма басшыларын бағалау жүйесі, сонымен қатар бюджеттің игерілу барысы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмыс қарқынын түсірмеуді тапсырды.

-Бізге экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндеті жүктелген. Әр әкім, басқарма басшысы осы бағытта ізденіп, кіріс көздерін көбейтуге, жұмыс орындарын ашуға күш салулары керек. Инвестиция тарту маңызды. Сіздердің жұмыстарыңыз арнайы зерделеніп, рейтинг әзірленетінін тағы да ескертеміз. Сол бағалау нәтижесімен шешім қабылданады. Бюджетті тиімді жұмсау, уақтылы игеру бағытында да жүйелі жұмыс атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек пен Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.Елібаевтың есептері тыңдалды.

  

Өңірде ауыл шаруашылығы өнім көлемі 116,4 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша аймақ – республикада көшбасшы. Бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстары көлемі 58,6 млрд. теңгені құрап, 57,4%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы –159,2 мың шаршы метр. Облыс бойынша 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жергілікті бюджетке 65,6 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 148,8%-ға орындалды. Есепті кезеңде салықтық түсімдер бойынша жоспар 40,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені  – 57,7 млрд. теңге. 16,8 млрд. теңге артығымен орындалды. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 2,3 млрд. теңге  болса,  6,1 млрд. теңге, түсіп, 3,8 млрд. теңге артығымен орындалып отыр.  Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 747,2 млн. теңге болса, нақты түскені – 1,7 млрд. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 7,2%-ға жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан қала әкімдері мен басқамалардың қызметінің тиімділігін бағалайтын 89 индикатор (82 индикатор аудан, қала деңгейінде, 7 индикатор облыс деңгейінде қалыптасады) әзірленіп, биылғы  31 наурызда бекітілді. Индикаторлардың маңыздылығына қарай бағалау жүйесінде 9 блок бар. Әр блоктың нәтижесімен қорытынды рейтинг әзірленді. Тоқсан қорытындысымен барлық индикаторлардың нәтижесі бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісіне сәйкес бірінші үштікке Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласы енді.

Нұралхан Көшеров рейтинг бойынша төменгі орында тұрған аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Аудан және басқарма басшыларын бағалау жұмыстары жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Балабиев: «Жекеменшік балабақшаларға айыппұл салына берсе, олар жабылып қалуы мүмкін»

berdaly_oraz

Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылмайды – Үкімет өкілі

berdaly_oraz

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Пікір жазу