Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов пен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов арнайы қатысып, аллеяға сәнді ағаш көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар Жеңіс жауынгерлеріне арналған ескерткіш кешенінің аумағында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көпшілік батыр бабалардың рухына тағзым етті. Тазалық акциясы аясында қатысушылар ескерткіш қабырғаларды жуып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Ерлік пен елдік рухын ұлықтаған аллеяға 1000 түп түрлі-түсті гүл отырғызылып, саябақтың көркі артты.

Шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар бірлесе отырып туған жердің табиғатын таза ұстап, тарихи орындарды келер ұрпаққа мұра ету жолындағы игі істің үлгісін көрсетті.

Аталған акция – тек тазалық емес, ел тарихына тағзым, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі Ерболат Досаев әуежайда кепілге алынған қызды құтқарған ер адамды медальмен марапаттады

berdaly_oraz

Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Пікір жазу