Өңір жаңалығы: Сайрам ауданында 600 орындық жайлы мектеп салынуда

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінде жаңа білім беру нысаны салынуда, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

600 орындық білім ошағының құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қауіпсіз білім ордасы болмақ.

Аудан әкімі Арман Сәбитов нысан алаңына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы жауаптыларға мектептің құрылыс жұмысы сапалы әрі мерзімінде аяқталып, инженерлік инфрақұрылымдардың толық жүргізілуін міндеттеді.

Аталған мектепте кең әрі жарық сынып бөлмелері, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері, спорт және акт залы, ІТ сынып, кітапхана, медициналық кабинет және асхана мен қауіпсіздік жүйелері де толық қарастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Полиция кальян шегу дерегімен 30-дан астам тұрғынды жауапқа тартты

berdaly_oraz

«Қатты жел,найзағай» Ертең Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

berdaly_oraz

Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды

berdaly_oraz

Пікір жазу