Өңір жаңалығы: Созақта ішкі жолдар жаңартылуда

Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазіргі таңда Құмкент ауылында жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын Абай, Есіркепұлы, Қызылқанат және Жамбыл көшелеріне асфальт төселуде. Сонымен қатар Қызылкөл елді мекенінде ұзындығы 2,5 шақырым болатын көшелерге де сапалы жол жабындысы салынуда. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталып, Қызылкөл ауылының ішкі көшелері 100 пайыз жолмен қамтылады.

Айта кетейік, биыл аудандық бюджет есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ішкі көшелерге асфальт және қиыршық тас төселеді. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 14,2 шақырымды қамтитын 12 көше жаңартылып, бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып отыр.

Өткен жылы осы жоба аясында 25 көшеде (26,1 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырым жол (18 көше) жаңартылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

berdaly_oraz

Алматылықтарға тауға бармау керектігі ескертілді

berdaly_oraz

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

berdaly_oraz

Пікір жазу