Өңір жаңалықтары: Сайрамда «Заң мен тәртіп» атты форум өтті

Сайрам ауданында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Заң мен тәртіп» атты форум өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ҚМДБ ұстазы Қабылбек Әліпбайұлы, аудандық прокуратура мен ауданның құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, құқықтық тәртіпке жауапты тұлғалар мен қоғам белсенділері қатысты. Форумда интернет алаяқтық, нашақорлық, діни экстремизм, жалпы құқық бұзушылықтар және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жиында нашақорлыққа қарсы күресудің маңызы мен есірткі заттарын тұтынудың алдын алу жолдары айтылды.

Діни экстремизм мәселесі де форумда назардан тыс қалмады. Құқық қорғау органдары мен діни қызметкерлері діни экстремизмнің алдын алу, діни ағымдардың қоғамға тигізетін теріс ықпалын азайту керектігін айтты. Одан бөлек, жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу, тәрбие және білім беру мекемелерінің рөлі айтылды. Құқық қорғаушы мамандар жасөспірімдер арасында тәртіпті сақтауға, қоғамның бұл мәселеге бей-жай қарамауына ықпал ету қажеттігін атап өтті. Жалпы шара аудан тұрғындары үшін құқықтық білім мен сананы арттыруға, қоғамда әділдік пен құқықтық тәртіптің орнауына маңызды үлес қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы білім басқармасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салды

berdaly_oraz

Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Ертең 3 мамыр күні Арыс қаласында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

Пікір жазу