Өңір жаңалықтары: Ордабасылықтар Қажымұқан Мұңайтпасұлының 154 жылдығын атап өтті

Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толуына орай «Қажымұқан – әлем таныған тұлға» тақырыбындағы мәдени іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мәдени шара күш атасы Қажымұқанның  ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Арнайы рәсімнен кейін аудан әкімі Азат Оралбаев сөз сөйлеп, алып тұлғаның ерлік еңбектерін еске түсіріп, оны дәріптеу мақсатындағы спорттық мәдени шараларға тоқталды. Палуан атамыздың атағын паш етуде айрықша айтатын жайт Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы алып ғимарат мәдени-спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ашылуына санаулы күндер қалғанын атап өтті.

Содан кейін Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және спорт қайраткерлері, ауыл ардагерлері оның өнегесі жайлы айтып,  алып атамыздың ұрпағы Ескермес Меруерттің палуанның өмір тарихына арналған баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар күйші Қасымбек Сарымбетовтің бабамызға арналған «Қажымұқан» сазды күйінің тұсауы кесіліп, ауданның Құрметті азаматы Құрманәлі Жылқыбай жазған «Қажымұқан» әнімен түйінделді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРЫС ҚАЛАСЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Шымкентте «Sky Train» жобасы қарастырылып жатыр

Облыстық сот ұжымы аудандық соттың судьяларын отставкаға шығарып салды

berdaly_oraz

Пікір жазу