Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бағаланды

Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда,  былтыр 1 мыңнан асса,  биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өткен мемлекеттік отбасылық саясатын жүйелі жүргізуге  бағытталған шараларды жүзеге асыру барысы мен отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу шаралары бойынша өткізген мәжілісте айтылды.

2017 жылы құрылған Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметтері  осы уақыт ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарымен, олардың отбасыларымен жұмыс істеп, елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл қызметке деген сенім арттырылып зорлық-зомбылықтың анықталуы көрсеткіші жоғарылаған. Былтыр 2,5 мыңнан астам әйелге кешенді психологиялық сүйемелдеу көрсетіліп, 400-ден астам отбасы тиранымен түзету жұмыстары жүргізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында отбасын қолдау орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Жыл басынан бері орталықтардың көмегіне облыс бойынша 700-ден астам адам жүгінген. Оларға психологиялық, құқықтық, заңгерлік кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға және біліктілігін арттыруға жәрдем көрсетіледі. Тұрмыс тауқыметіне тап болған аналардың қиын жағдайларын еңсеруде, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуде мұндай орталықтардың маңыздылығы зор. Орталыққа жүгінген тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері болған азаматтарға уақытша баспана да беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

Пікір жазу