Өңірлік жаңалық: Сарыағашта өткен сенбілікте 300 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  «Таза аула» акциясын қолдау, сонымен қатар ауданды көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында көктемгі ағаш егу жұмыстары өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына 300  түп қарағаш, айлант, теректер отырғызылды. Игі шараға аудан әкімімен бірге  мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер бір кісідей атсалысты.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру  жөніндегі тапсырмасына сәйкес ауданда дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде тұрақты түрде ағаштар егілуде. Мақсатымыз – егілген ағаштар жасыл желек саябаққа айналып, болашақта біздің ұрпақтарымыз біздің еккен ағаштарымызды саялайтын болады”, – деді Арман Абдуллаев.

Оған қоса, жалпыаудандық сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары  барысында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бейберекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау, шөптерді ору, ағаш түптерін әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 800-ден аса адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылып, 4 техника жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz

Арыс маңында шегірткеге қарсы күрес қарқын алды

berdaly_oraz

Сауранда жылына 10 тонна құлпынай өнімін беретін жылыжай бар

Пікір жазу