Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жаңа полиция пункті ашылды

Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жаңа полиция пункті ашылды,- деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысының Ордабасы ауданында халық саны 50 мыңнан асатын Шұбарсу ауылында жаңа полиция пункті ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, аудан әкімдігі мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Екі қабатты ғимарат заманауи техникалармен, кеңсе жиһаздарымен және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мұнда кезекші бөлім, уақытша ұстау изоляторы, 16 қызметтік бөлме, мәжіліс залы және балаларға арналған арнайы бөлме қарастырылған. Барлық жағдай полицейлер мен азаматтардың тиімді әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне бағытталған.

Облыс әкімі өз сөзінде бұл ғимарат құқық қорғау саласының жұмысын күшейтіп, халықтың полицияға деген сенімін арттыруға сеп болатынын атап өтті. Полиция департаментінің басшысы мен басқа да қонақтар жаңа нысанды аралап, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Бәйдібек ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

Түркістанда Ұлттық кітап күні құрметіне әскери бөлімде жылжымалы кітапхана пункті ашылды

Пікір жазу