Ордабасы ауданынан 2 мың оқушы жазғы сауықтыру лагеріне барады

Бүгін Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «Urker» жазғы сауықтыру лагеріне алғашқы ордабасылық оқушылар легі аттанды. Жазғы сауықтыру лагеріне бұл жолы Ордабасы ауданындағы Амангелді, Ш.Уалиханов, Темірлан, С.Нұрмағамбетов, Бәйтерек, С.Ысмайылов, Н.Оразбаев және Жусансай жалпы білім беретін мектептерінен 300 оқушы жолдама алып, жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп келе жатқан бұл шара биыл да өз жалғасын табуда. Жергілікті білім бөлімі балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөліп келеді.

Жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Лагерлерде балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері оқушылардың жақсы демалыс өткізуін толық қамтамасыз етеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы тілде сөйле деп мәжбүрлемеу керек». Президент арандатушыларға ескерту жасады

Түркістанда дәрігерлер 4 жасар баланы аман сақтап қалды

Шымкентте полицей тергеу изоляторындағы әйелді зорлағаны үшін 9 жылға сотталды

berdaly_oraz

Пікір жазу