Шымкенттік тұрғын туысын өлтіріп, анасының ауласына көміп кеткен

Шымкентте ер адам туысын өлтіріп, марқұмның анасының ауласына көміп кеткен, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, туысын өлтірген қылмыскер қазір жазасын өтеп жатыр. Ол өз істеген ісіне өкінетінін, заңға қайшы әрекет істемеу керегін мәлімдеді.

Туысын өлтіріп темір торға қамалған ер адам бәрі ішімдік ішуден басталғанын айтты. Туыстар арасында жанжал туындап, төбелес соңы өліммен аяқталады. Кейін әшімдікке мас болған ер адам мсрқұмның денесін анасының бау бақшасына көміп кетеді. Ал анасы болса, баласын іздеп, полицейлерге шағым түсірген. 1,5 жылдан кейін марқұмның анасы өмірден өтеді. Сол кезде ғана ер адам өз кінәсін мойындап, туысының мәйіті қайда екенін айтқан.

Күдікті бұл қылмысы үшін 8 жылға сотталды. Ол №54 түзеу мекесінде жазасын өтеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жыл басынан бері 24 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы тоқтатылды

Интернет арқылы есірткі саудасына тосқауыл қойылды

Redaktor Arysinfo

АРЫС ҚАЛАСЫНАН КҮНБАҒЫС, МАҚТА ЖӘНЕ МАҚСАРЫ МАЙЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo