Ордабасы ауданында дзюдодан облыстық лига өтті

Ордабасы ауданында жасөспірімдер арасында дзюдодан Түркістан облысының лигасы өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысы бойынша дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен алғашқы рет жасөспірімдер арасында Түркістан дзюдо лигасы (Turkistan Judo League) жарыстары бастама алды.

Бұл облысымызда дзюдоның дамуына жасалған елеулі қадам. Жаттықтырушыларға және барлық дзюдошыларға  жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жылына 2 чемпионат болады. Қыстық  және жаздық чемпионат. Бір маусымда 5 турнир өткізіледі. Спортшылар арасында өзара рейтинг саналады. Маусым соңында әр салмақтағы нәтижелер есептеліп, жеңімпаз анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БӨЛІМШЕСІ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚҰРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті

Түркістан облысында дүбірлі көкпар ойыны өтті