Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды

Ордабасыда 10 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Ордабасы ауданының Темірлан ауылында ауқымды көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған бөлім қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Шара аясында 500 түп қарағаш, 100 түп арша көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, ауданға қарасты ауыл округтерінде 6700 түп қарағаш және 2000 түп жеміс ағашы егілді. Жалпы алғанда, Ордабасы ауданында 10 мыңға жуық жасыл желек қосылды.

Сенбілік барысында көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштардың бұталары реттелді және түптері әктелді. Нәтижесінде 22 тонна қоқыс шығарылып, 75 шақырымға жуық суару жүйелері тазартылды.

Аталған жұмыстарға 7000-ға жуық адам жұмылдырылып, 21 техника тартылды. Бұл шара ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да көгалдандыру мен тазалық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып, табиғатты қорғау жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр. Ордабасы тұрғындары да бұл бастамаға қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуда.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет. Сондықтан әр тұрғын жасыл желекті көбейтуге және қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының жастары қоқыс сұрыптайтын жәшіктер орнатты

admin_arysinfo

Арыс маңында шегірткеге қарсы күрес қарқын алды

berdaly_oraz

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz

Пікір жазу