Премьер-Министр: Қолөнер мен әдет-ғұрыптарды сақтауды «Үздік тәжірибелер» тізімдеріне енгізу қажет

Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанның ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ материалдық емес мұраларды дәріптеудің маңызына тоқталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы орайда қолөнерге үйрету және әдет-ғұрыптарды сақтауды «Үздік тәжірибелер» тізімдеріне енгізуге назар аудару қажеттігін айтты.

Үкімет басшысы Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанмен бірлесіп, «Жібек жолы: Каспий-Еділ дәлізі»  жаңа трансұлттық номинациясын дайындауды жалғастыруды тапсырды.

Олжас Бектенов «Хандар шежіресі» қолжазбасының «Әлем жады» тізіліміне енуі оны халықаралық қорғау әрі қарай зерделеу және дәріптеу екенін жеткізді.

Осындай құжаттар, танылған тарихи және мәдени нысандар арқылы Қазақстанға деген қызығушылық артып, еліміздің имиджі көтеріледі, жалпыұлттық бірегейлігіміз нығаяды, — деп атап өтті Премьер-Министр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте салмағы 1 келіге жетпейтін шақалаққа күрделі жүрек операциясы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Түркістан облысы: Тексеруді өзі жүргізетін органның басшысы Ғалымжан Тапеев тексерудің өзіне ілікті

berdaly_oraz

Шымкентте аспалы арқанжол салынбақ

Альфия Адамбек