Премьер-Министрінің кеңесшісі Түркістан облысына іссапармен келді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Түркістан облысына іссапармен келіп, өңірдің 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығымен танысты. Сапар барысында кеңесші бірқатар нысандарын аралап, «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын көріп шықты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кәсіпорын 2009 жылдан бері қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда 18 қазандық бөлімшеде 77 дана қазанмен және жалпы ұзындығы 56,243 шақырымды құрайтын жылу жүйесімен жұмыс жүргізілуде. Барлығы 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік мекеме, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке үй орталық жылумен қамтылған.

Сонымен қатар, «TURAN» арнайы экономикалық аймағына барып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Мұнда инвесторларға ұсынылып отырған жеңілдіктер мен жаңа жобалар кеңінен таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНА ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Арыс әкімі өрттен зардап шеккен отбасыларға барды

berdaly_oraz

«Арыс-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы жедел оқу-жаттығулары өтті