Сарыағаш тұрғындары облыс әкімімен кездесуде өзекті мәселелерді көтерді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданына барып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Жиын барысында азаматтар өңірдегі түйткілді мәселелерді ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Аймақ басшысы өңірдің даму жоспарларына тоқталып, қолға алынған мемлекеттік жобалар туралы баяндады. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 3,5 млрд теңгеге 20 жоба іске асырылып, 11 елді мекенде жолдар жөнделді, жаңа мәдениет нысандары пайдалануға берілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2025 жылы 499 млн теңгеге 42 жоба қаржыландырылмақ. Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлік, инвестиция тарту және құрылыс жұмыстарының көлемі артқаны айтылды.

Кездесуде азаматтар білім беру, жол жөндеу, кәріз жүйесі, инфрақұрылым, жер қатынастары секілді маңызды мәселелерді көтерді. Барлық сұрақтарға жауап беріліп, кейбір проблемалар бақылауға алынды.

Кездесуден кейін облыс әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады. Әкім барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1 мамырдан бастап «Tөлем» жүйесі тоқтайды.

berdaly_oraz

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

berdaly_oraz

Арыста “Халық заңгері” республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу