Сарыағашта “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы аясында 30-дан астам көшеге асфальт төселді

«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданының Дербісек ауылдық округіндегі ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу мақсатында қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Өңір басшысы жол сапасына ерекше назар аударып, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды тапсырды. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.

Жалпы, Дербісек ауылдық округі бойынша 31 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 15 көшенің жолы «Bairkum company» ЖШС-і, 16 көшенің жолы «Artd group» ЖШС-і тарапынан жөнделеді. Қазіргі таңда Құралов көшесіне «Bairkum company» ЖШС, Ә.Молдағұлова көшесіне  «Artd group» ЖШС-і тарапынан асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, аудан басшысы  Дербісек ауылдық округінде орналасқан №76 жалпы білім беретін мектебіне барып, жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына жіті назар аударды. Мердігер мекемеге тапсырысты мерзімінде аяқтау қажет екенін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

Қала әкімі Маңқараев ұстаздар мен оқушыларды,ата-аналарды білім күні мерекесімен құттықтады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

berdaly_oraz