«SENAT OPEN» ашық кубогының жеңімпаздары анықталды

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен Түркістанда шахматтан ІІ «Senat Open» ашық кубогының жартылай финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облыстық мәслихаты мен  Қазақстан шахмат федерациясы  ұйымдастырған турнирге Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан іріктелген ең мықты                    35 шахматшы қатысты.


Турнирді облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов ашып,                       6 ғасырда Үндістанда пайда болған шахмат ойыны өзінің тереңдігімен ерекшеленетін және әлем бойынша стратегиялық ойлаудың символына айналған ойын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы елімізде шахматтың қарқынды дамып, өңірлерде шахмат клубтары мен мектептері жұмыс жасайтындығын атай келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, жартылай финал швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Ойын рапид форматында өтті. Нәтижесінде үздік шахматшылар анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Турнирге қатысушылар шахмат ойыны арқылы өздерінің шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық және логикалық ойлау қабілетінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Енді жеңімпаздар 29 тамызда Астанада өтетін финалдық кезеңде оңтүстік өңірдің намысын қорғайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті  

Сырымдағы қайғылы жағдай: облыс әкімдігі шұғыл шара қабылдады

berdaly_oraz

Александр Лукашенко жетінші мәрте Беларусь президенті болып қайта сайланды

berdaly_oraz

Пікір жазу