Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті  

Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық бастама аясында челлендж өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Акция Қарағанды облысынан қабылданып, Шымкент қаласында прокуратура, әкімдік, полиция департаменті және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жалғасын тапты.

Челлендж аясында отбасылық құндылықтарды, сыйластық пен қауіпсіздікті насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті. Тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.

Іс-шара соңында челлендж символикалық түрде Қызылорда облысына табысталды. Бұл өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алудағы сабақтастықты көрсетті.

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алуға тиісті шаралар қабылдауда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЮДА

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шықты