Сенатор Жанна Асанова Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындық жүргізуді ұсынды

Сенатор Жанна Асанова Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындық жүргізуді ұсынды. Оның айтуынша, отбасы институтын нығайту үшін жастарды ерте жастан өмірлік дағдыларға үйрету қажет.

Сенатор қандай бастама көтерді?

Асанованың пікірінше, қазіргі ата-аналардың барлығы бірдей балаларына толыққанды тұрмыстық және өмірлік дағдыларды үйретуге мүмкіндік таппайды. Сондықтан мектеп бағдарламасына арнайы пән енгізу қажет.

«Орта және жоғары сынып оқушыларын тігін тігу, тамақ пісіру, құрылыс және жөндеу жұмыстары, тұрмыстық техниканы пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету, өзін-өзі қорғау, қаржылық сауаттылық сияқты маңызды дағдыларға үйрету керек. Мұндай білім жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына көмектеседі», – деді сенатор.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде бар және тиімді нәтиже көрсетіп отыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының ақылы жолдарында жылдамдықты есептейтін бейнебақылау жүйесі іске қосылады

berdaly_oraz

ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz

Шардаралық түлектер ауыл тұрғынына үй сыйлады

Пікір жазу