«Серпін» бағдарламасымен 800-ден астам түркістандық түлек грантқа түскен

«Serpin Way» автобусымен еліміздің оңтүстік өңірлеріне кәсіптік бағдарлау туры өтеді. Бұл жайында брифингте М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Қанат Смаилова мәлімдеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Спикердің сөзінше, Қазақстанда алғаш рет аталған университеттің ұжымы Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы 30-ға жуық елдімекенді аралайды. Бұл мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына, тұрғылықты жеріне қарамастан, Қозыбаев университетінде білім алудың мүмкіндіктері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Бағдарлама мақсаты — Солтүстік және Шығыс өңірлердегі кадр тапшылығын, жастар үлесінің аздығын оңтайландыру. Осы орайда, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 2014 жылдан бері бағдарлама аясында студенттерге білім беріп, мамандар даярлап келеді. Бағдарлама — университет және облыстағы жауапты мекемелер арқылы білім алушыға тегін оқу, жатақхана, стипендия, жол ақысы және жұмыс орнын дайындап береді. Диплом алғаннан кейін 2 жыл жұмыс өтілін атқаруға міндеттеледі. Мысалы, мемлекеттік гранттың жұмыс өтілінің мерзімі 3 жыл болса, «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 жыл. Оңтүстікке қарасты қай өңірдің адамдарын алсақ та барлық жағдайда белсенді. Әзірге «Серпін» бойынша білім алушылардың жоғары көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі»,- деді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Насихат Смайл.

Сонымен қатар, брифингте Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаев биыл бағдарлама аясында Түркістан облысынан арнайы делегация құрылып, теріскей аймақтардағы 17 оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысқан. Сондай-ақ, олар Түркістан облысынан оқуға түскен студенттермен кездескен.

«Түркістан облысынан «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқуға түсу мүмкіндігі өте жоғары. Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстан өңірлеріндегі оқу орындарынан облыста үгіт-насихат жұмыстары жүйелі және тұрақты жүргізіліп, 2024 жылы 802 түлек грантқа түсті. Бұл іс-сапар өңірлер арасындағы білім алмасу және жастардың кәсіби дамуына үлкен серпін беруді көздейді. Қазіргі таңда да Түркістан облысының аудан-қалаларында аталған бағдарлама бойынша насихат жұмыстары тұрақты жүріп жатыр»,- деді Ернар Бектаев.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста жұмысшы топ өкілдері кезекті рейдтік шара өткізді

berdaly_oraz

Зейнеткерлерді қаржылық тығырықтан шығару жолдары ұсынылды

berdaly_oraz

Шымкентте 20 жылға жуық еңбек өтілі бар жұмыскер бұрынғы жұмысына қайта орналастырыды

Пікір жазу